Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Кеңес құрамына қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғам, мәдениет қайраткерлері кіреді.

Отырыста білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар мен жеке балалар орталықтарында қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың тамақтануын ұйымдастыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің келешегі туралы сөз қозғалды.

Министр өз сөзінде қоғамдық кеңестермен диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Біз өңірлерде мәслихат депутаттарымен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп келеміз. Жергілікті мәселелерді ашық талқылау – білім сапасын жүйелі түрде арттыруға жасалған нақты қадам. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда сіздердің көмектеріңізге сүйенеміз. Бірлескен жұмыс проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешуге де мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір баланың әлеуетін толық ашуға қолайлы әрі тең жағдай жасау. Бұл дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ұлттық басымдық», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Отырысқа қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Ашық диалог форматы қоғамдық пікірді естіп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Айта кету керек, мұндай тәжірибе жүйелі түрде жалғасып, қоғамдық кеңестермен кездесулер еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1054040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version