Хабарландыру Ақсуат аудандық мәслихаты Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс жариялайды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хабарландыру

 

Ақсуат аудандық мәслихаты Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс    жариялайды.

      Ақсуат аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына ,Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 28 наурыздағы №112 НҚ  «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақсуат ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс жариялайды.

      Жұмыс тобының сандық  құрамы 5 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан квазимемлекеттік сектор обьектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы керек. Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрайды  және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсынысы негізінде  қалыптастырылады.

       Ақсуат аудандық мәслихаты  2025 жылдың 20 тамызынан 4 қыркүйекке дейін    коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың жазбаша түрде ,немесе maslihataksuat108@mail.ru электрондық мекен жайына келесі

 құжаттармен қоса  Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды.

  • 1- қосымшаға сәйке нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және( немесе) азаматтың өтініші.                                                                                                                                 
  • Өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
  • Соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама
  • Психикалық мінез құлық ,оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылудың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдау  көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00- ден 18.30 – ға дейін ,сағат 13.00-ден 14.30 –ға дейінгі үзіліспен ,сенбі және жексенбіден басқа күндері, Ақсуат ауданы Ысқақ Кәбеков көшесі 17 үйде  орналасқан мәслихат ғимаратының  1- қабатында жүргізіледі, құжаттар қолма қол немесе maslihataksuat108@mail.ru арқылы да қабылданады.  тел 2.11.80  сот. Тел.87024131296

 

 

 

 

 

                                                                                           Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережеге      

  • Қосымша

                Нысан

Кімге—————————————————–(республикалық деңгейде мемлекеттік  органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы)

тұратын (елді мекен көше пәтер

———————————————————————————————-(өтініш берушінің аты жөні ,тегі )

Жеке куәлік №—————————————-

————————————————————

(берілген күні (кім қашан ,берген)

                             

Өтініш

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу      үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

              Мен осы өтініш арқылы « Қоңамдық кеңес туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Заңының ережелері мен танысқанымды  растаймын және заң талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынандай құжаттарды қоса беремін;

1)——————————————————————————-

2)——————————————————————————-

3)——————————————————————————-

4)——————————————————————————-

5)——————————————————————————-

6)——————————————————————————-

7)——————————————————————————-

2025  жыл «——– »      Өтініш берушінің қолы———————————-

Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабына сәйкес дербес деректермді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

 

Хабарландыру

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1053791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version