ІІМ Aitu мессенджерінде ресми Polisia.kz арнасын іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан заманауи технологияларды мемлекеттік органдардың жұмысына енгізе отырып, цифрлық мемлекетке айналу жолында нық қадам жасап келеді. Осы бағытта Ішкі істер министрлігі отандық Aitu мессенджерінде Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасын іске қосып, сондай-ақ ішкі қызметтік коммуникацияны осы платформаға ауыстырды.

«Біздің мақсатымыз – азаматтармен тікелей, жедел әрі сенімді байланыс орнату. Енді ІІМ-нің маңызды хабарламалары мен ұсыныстары отандық мессенджерде қолжетімді болады», – деп атап өтті ведомствода.

Polisia.kz арнасының жазылушылары алғашқылардың бірі болып мынадай ақпараттарды ала алады:
– ІІМ-нің ресми жаңалықтары;
– ескертулер мен маңызды хабарламалар;
– өзекті құқықтық мәселелерге қатысты түсіндірмелер;
– жеке және қоғамдық қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестер.

Бірінші жарияланған материалдардың бірі аккаунттарды алаяқтардан қорғау жөніндегі кеңес болды: polisia.kz/akkauntyngyzdy-alayaqtardan-qalaj-qorghaugha-bolady 

Сонымен қатар ішкі істер органдарының жеке құрамы да жедел байланыс үшін Aitu платформасын пайдаланып жатыр.

📱 Aitu мессенджеріндегі Polisia.kz арнасына жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1054277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version