Координациялық кеңес мүшелері превентивті кездесулер кезіндегі заңнаманың сақталуын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 20 тамызында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Координациялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Омбудсмен Артур Ластаев төрағалық етті. Шараға кеңес мүшелері, Ұлттық превентивтік механизмнің (ҰПМ) қатысушылары және Уәкілдің өңірлік өкілдері қатысты.

Жиын барысында превентивті кездесулер жүргізу кезіндегі заңнаманың сақталуы, 2025 жылғы олардың қорытындылары бойынша Консолидацияланған баяндамаға дайындық мәселелері қаралды. Сондай-ақ, ҰПМ-нің 2025 жылға арналған превентивті кездесулер жоспарына өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек, превентивті кездесулер бойынша есеп беру және олардың нәтижелері бойынша ұсыныстар нысандары бекітілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Координациялық кеңес – Ұлттық превентивтік механизм қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1054115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version