Курчатов қаласында «Абай облысы, Курчатов қаласының жол инфрақұрылымын қайта құру» ауқымды жобаны жүзеге асыру басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Курчатов қаласында «Абай облысы, Курчатов қаласының жол инфрақұрылымын қайта құру» ауқымды жобаны жүзеге асыру басталды, нәтижесінде қала жолдарының 100 % жаңа жол төсемімен қамтылады. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды, ағымдағы 2025 жылға 700 миллион теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған.
Жұмыс қаланың негізгі және қосалқы көшелерінің жол жамылғысын ауыстыруды қамтиды.
Мердігер «ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ» ЖШС ескі асфальт бетін алып тастау жұмыстарын бастап кетті.
Бұл ұйым сонымен қатар облыстың көлік байланысын одан әрі нығайта түсетін маңызды жол нысаны — Курчатов-Павлодар тас жолының учаскесінің құрылысын аяқтауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1054138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version