Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді көздеген «Мәміле» пікірталас клубы өңірімізде жүйелі жүзеге асуда. Жуырда маңызы айқын жоба аясында алғашқы дәріс өтті.
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толды, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл. «Достық» үйінде өткен клуб жұмысының алғашқы отырысы қос мерейтойға және «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына арналды.
Іс-шарада тіл жанашыры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры Меңдібай Әбілұлы мазмұнды баяндама жасап, тізді шұбарлау ұлтқа төнген қауіп екеніне тоқталды. Келесі кезекте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған «Салауатты сана» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhayilma/press/news/details/1054066?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау