Фестивальге Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейдің Татарстан, Молдаване, Башқұртстан, Тыва, Қырым өңірлерінен, сондай-ақ Қазақстанның әр аймағынан келген 500-ден астам жас таланттар қатысуда. Олар дәстүрлі ән, вокал, хореография, инструменталды орындау және бейнелеу өнері номинацияларында өнер көрсетті. Сонымен қатар, фестивальді 15-тен астам түркі тілдес елден келген халық әртістері мен мәдениет майталмандарынан құралған әділқазылар алқасы бағалады.
– Байқау төрт күнге созылды. Осы аралықта балалар тәжірибе алмасты, достар тапты, шабыттанды. Әр қатысушы өзін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік алды. Фестивальдің маңызы зор деп есептейміз. Мұндай ауқымды іс-шаралар балалардың рухани дамуына, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді,- деді Абай мәдени-демалыс кешені басшысының орынбасары Маргарита Омарова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1053974?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау