Ментальды арифметика-шыңдарға апаратын жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының көркем табиғатты Бурабай өңірінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылардың басын қосқан Республикалық ментальды арифметика олимпиадасы өтті.

Аталған зияткерлік додада Сандықтау ауданының намысын «Наследники» білім беру орталығы абыроймен қорғады. Артём Русалёв өзінің тәлімгері, жаттықтырушысы Альмира Бекешевамен бірге олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздік қатысушылар арасынан ІІ- орынға ие болды.

Бұл жетістік Артёмнің табандылығы мен білімге деген құштарлығының, тәлімгерінің кәсібилігі мен жан-жақты қолдауының, сондай-ақ ата-анасының ұдайы қамқорлығы мен қолдауының нәтижесі. Олар баланың дамуына қолайлы жағдай жасап, әрдайым жанынан табыла білді.

Артём Русалёвті, оның жаттықтырушысын және отбасын осы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа табыстар мен биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1053899?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version