МОНОПОЛИЯЛЫҚ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КӨМІРГЕ БАҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандағы энергия өндіруші ұйымдардың қажеттіліктеріне арналған көмірдің көтерме сату нарығы іс жүзінде монополиялық сипатқа ие, мұнда негізгі өндіруші – «Богатырь Көмір» ЖШС нарықтың 70%-дан астамын иеленеді.

Соңғы бес жыл ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС көмір құнын бірнеше рет көтерді, жыл сайынғы өсім 5%-дан 21,5%-ға дейін жетті. 2023 жылы монополиялық жоғары баға белгілеген белгілеріне байланысты компанияға қатысты тергеу тағайындалды, алайда бұл шешім сотта дауласты. Екі жылдан астам уақыттан кейін, 2025 жылдың  10-шы маусымында Жоғарғы Сот тергеп-тексеруді бастау туралы бұйрықтың заңдылығын растады.

Сонымен қатар, энергетикалық көмірдің құны энергия өндіруші ұйымдардың шығындарының 60%-ға дейінгі бөлігін құрап, электр энергиясының тарифтеріне елеулі ықпал етеді. Көмір бағасының өсуі азық-түлік тауарлары мен коммуналдық қызметтердің өзіндік құнына мультипликативті әсерін тигізеді, бұл салаларда нарық аз монополияланған және бағаны мемлекеттік реттеу шаралары қолданылады.

Алайда электр және жылу энергиясын жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде – өндіру, тасымалдау, жабдықтау – мемлекеттік баға реттеу тетігі жұмыс істейді, ал энергетикалық көмірге ол қолданылмайды. Бұл жыл ішінде бағаның күрт өзгеруіне әкеліп, энергия өндіруші ұйымдарда кассалық алшақтық тудырады.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі энергетикалық көмірге бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу бастамасын көтерді. Аталған норма қазіргі уақытта Парламент қарауында жатқан алтыншы антимонополиялық түзетулер пакетіне енгізілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1053817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version