Павлодар облысында азаматтардың денсаулығын қорғауға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған «Заң және тәртіп» қағидатын дәйекті іске асыру жалғасуда.
Ағымдағы жылғы тамызда Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 90 мыңнан астам электрондық құрылғыны (вейптерді) және акциздік таңбаларсыз 122 мыңнан астам темекі қорабын жою бойынша ауқымды іс-шара жүргізді.
Жалпы тәркіленген және жойылған өнімнің құны 1 миллиард теңгеден асты.
Тыйым салынған өнім танымал мессенджерлер арқылы сатылып, курьерлік қызметтермен жеткізілгені анықталды.
Алынған табысты қаскүнемдер «қаржылық бөлшек» деп аталатын схема арқылы жүргізген, бұл көлеңкелі экономиканың типтік құралдарының бірі болып табылады.
Қылмыстық қолсұғушылықтың негізгі нысаны кәмелетке толмаған балаларды қоса алғанда, жастар екендігі ерекше алаңдаушылық тудырады.
Осылайша өскелең ұрпақтың денсаулығына қауіп төнді.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыс тұрғындарына үндеу жасайды: егер Сізге заңсыз вейппен сауда фактілері немесе құрамында никотині бар өзге де өнімдер туралы белгілі болса, 1458 нөміріне хабарлаңыз.
Анонимділікке кепілдік береміз.
.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1054034?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау