ҚАЛДЫҚТЫ – ПАЙДАҒА АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІП

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласында 2018 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Қаратау Полимер» ЖШС-ін кәсіпкер Ұлықбек Рахымжанұлы басқарады. Кәсіпорынның негізгі бағыты – шикізат өндіру және оны өңдеу. Өнімдері Ресей Федерациясына экспортталады.-
 
Кәсіпорын тұрмыстық пластик қалдықтарды, соның ішінде баклашкаларды қайта өңдеу арқылы бір жағынан экологияны жақсартуға үлес қосса, екінші жағынан өңделген өнімді шетелге сатып, табыс табуда. Былтыр жылдық өткізу көлемі 800 мың тоннаға жеткен.
 
“Биылғы мақсат – дайын өнімдерді тек шетелге экспорттау емес, қайта өңделген пластикті өз елімізде тиімді пайдалану” дейді кәсіп иесі.
 
Қазіргі таңда «Қаратау Полимер» ЖШС-інде 25 қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдаланып, экономикалық пайда әкелуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1054174?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version