Қарағандыда наркополицейлер ірі есірткі сатқан қылмыскерді құрықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда наркополицейлер ірі есірткі сатқан қылмыскерді құрықтады

Қарағанды облысында полицейлер жедел іс-шара барысында ірі көлемде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстады. «Қарасора» жедел-алдын алу шарасы кезінде күдікті дәл қылмыс үстінде қолға түсті. Жеке тінту кезінде оның жанынан 30 орама гашиш табылды. Жалдамалы пәтерді тінту кезінде тәртіп сақшылары шамамен 7 келі есірткіге ұқсас ұнтақ затты тәркіледі. Барлығы арнайы ыдыстарға бөлініп, сатуға дайындалып қойған. Сондай-ақ, есірткіні өлшеп-орауға арналған электронды таразылар мен қаптама материалдары алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алынған заттарға сараптама тағайындалды.
Қазақстан заңына сәйкес, мұндай қылмыс үшін қатаң жаза – ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1053879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version