Қарағандылықтарды шахтерлер еңбегін бейнелейтін суреттер көрмесіне шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облыстық көркемөнер мұражайында «Шахтер күнделігі» атты көрме ашылды. Экспозицияда шахтерлерге арналған 80-нен астам сурет пен мүсін қойылған.

Барлық туындылар мұражай қорынан алынған. Ең көне шығармалардың бірі – Вениамин Шамшиннің 1950-жылдары салынған картиналары. Сондай-ақ көрмеде заманауи Алматы суретшісі Георгий Макаровтың туындылары да ұсынылған.

– Экспозициядағы ең мәнді туындыларды таңдау қиын. Барлығы өзекті, барлығы Қарағанды мен шахтерлерге арналады. Көптеген шығармалар қарағандылық авторлардың еңбегі болса, Қазақстанның басқа қалаларынан келген суретшілердің жұмыстары да бар. Әрине, көрмеде Сейтмахан Қалмахановтың «Аппақ Байжанов» атты белгілі картинасы да қойылған, – дейді Қарағанды облыстық көркемөнер мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева.

Сонымен қатар, көрмеде Анатолий Билык пен Алексей Цойдың мүсіндері де экспозицияланған.

Көрмеге барлық ниет білдірушілерді шақырады. Ол 31 тамызға дейін жалғасады.

Мұражай мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін – 10:00–18:00, демалыс күндері – 10:00–17:00.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1053913?lang=kk

Exit mobile version