Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Аталған ақпараттық материал жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.
Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.
Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/1054289?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау