Бүгін басқарма басшысы А.Қарабалаевтың төрағалығымен Тараз қаласындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде құрылыс саласына қатысты орын алған олқылықтар яғни, құрылыс алаңдарынан шығатын жүк тасушы техникалардағы құрылыс қалдықтарының төбесі жабылмай, техникалар доңғалақтарына жабысқан қалдықтар жуылмай немесе тазаланбай қала көшелеріне жеткізілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын атап өтіп, талаптар орындалмағаны үшін уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлады. Қала тазалығын қалыпты жағдайда ұстау баршамыздың міндетіміз екенін және абыройлы іске өз үлесімізді қосуымыз керектігін алға тартты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-memleket-saulet/press/news/details/1054004?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау