Құрық ауылындағы көппәтерлі үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, Құрық ауылында орналасқан ескі көппәтерлі тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын арнайы барып тексерген болатын. Жұмыс сапары барысында бірқатар сын – ескертпе айтты.

Бүгінгі күні айтылған сын – ескертпелерді жою бағытында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа арнайы қауіпсіздік белгілері қойылды, аталған аумақта тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда, ескі шатырлары алынып, бүгінгі күні төбесі ашық тұрған тұрғын үйлерге тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі мақсатында арнайы қорғаныш сіңдіру (пропитка) жұмыстары жүзеге асады.

Аталған жөндеу жұмыстары аясында шатыр, есік-терезелерді ауыстыру,  сыртқы қасбетті жөндеу және ішкі кіреберісті қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1053715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version