ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ КЕНТ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ БЮДЖЕТТЕН БЕРІЛГЕН ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРІНІҢ БАСҚАРЫЛУЫНА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ІС-ШАРАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысына  Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерінің әкімдері мен есепшілері қатысты.Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Қордабай отырыс барысында бюджеттің жоспарлануы мен тиімді пайдалуына мән беру қажеттілігін атап өтті.
Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Пшанов баяндама жасап, Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 541 845,2 мың теңгені құраған, оның ішінде бюджетке өтелетіні 2 183,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 539 661,5 мың теңгені құрағанын атап өтті. Сонымен қатар бірқатар рәсімдік бұзушылықтар орын алғанын атап өтті.
Төрағаның міндетін атқарушы Н.Қордабай мен комиссия мүшелерінің қойған бірқатар сұрақтарына Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерінің әкімдері және есепшілері жауап берді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, алдағы уақытта тиісті іс-шараларды атқару үшін ұсынымдар жолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1054259?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version