Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы орталықтандырылған жылу қазандықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Аудан басшысы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С.Қарақұловқа нақты тапсырмалар жүктеп, жылыту жүйелерінің үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді міндеттеді.
Сарыағаш қаласында орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне жалпы 20 көпқабатты тұрғын үй , 2 әлеуметтік нысан және 11 кәсіпкерлік субъектісі қосылған. Қазандық ғимаратында жалпы 3 қондырғы жұмыс істейді. Қазіргі таңда, бұл қондырғылардың барлығы толықтай жылыту маусымына дайын. Сонымен қатар, №3 көше бойында орналасқан орталық жылу жүйесінің қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1054063?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау