ШАРАДАРА: АУДАН ӘКІМІ СУ ТАПШЫЛЫҒЫНДА КӨМЕККЕ КЕЛГЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара су қоймасындағы су көлемінің шамадан тыс төмендеуіне және бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су көлемінің жетіспеуіне байланысты, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында су ішіне пантон орнатып, қосымша насостарды іске қосу қажеттілігі туындады.
Аталған маңызды жұмысты орындауға Қонаев қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 58012 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арнайы техникаларымен келіп, өз көмектерін көрсетті. Олар шұғыл түрде іске кірісіп, аудан үшін аса маңызды инженерлік қолдау жасады.
Аудан әкімі Арман Романұлы қиын сәтте көмек қолын созған әскери қызметшілерді қабылдап, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі үлестері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1054270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version