ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ҮШЕМ ТУҒАН АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 6 тамыз күні Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округі Ешмуратовтар отбасында үшемдер дүниеге келді. Сәбилерге Аслан, Алихан, Алинур есімдері берілді.
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Ешмуратовтар отбасына арнайы барып, үшемдердің өмірге келуімен құттықтап, үшемдердің ата-анасына сый-сияпат пен қаржылай сертификат табыстады.
Балалардың анасы — Тамды ауданында дүниеге келген Нурабаева Орынкүл Пердебайқызы, ал әкесі — Өзбекстан Республикасының Үшқұдық ауданында туған Ешмуратов Серік Арипбекұлы. Қазіргі таңда әкесі мал шаруашылығымен айналысса, анасы — үйде бала тәрбиесімен айналысатын үй бикесі.
Айта кетерлігі, үшемдерден бөлек бұл отбасында бұған дейін 8 бала тәрбиеленіп жатқан болатын. Көпбалалы отбасы 2019 жылы Алатау батыр ауылынан Жаушықұм ауылына қоныс аударған.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1054275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version