Көлік қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің көлік-логистика саласы өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен көлік саласындағы адал еңбегі үшін «Құрмет» орденімен Шығыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарын пайдалану басқармасының бастығы, «КАЖсервис» ЖШС-нің өкілі Болат Жұртбаев және «Қазақстан Темір жолы» АҚ «Защита байланыс сигнализациясы дистанциясы» техникалық құжаттама тобының инженері Василий Колесников марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Алғыс хатымен Шығыс Қазақстан облысы авиация басқармасының бастығы Қалиқан Байғонұсовтың еңбегі атап өтілді.
Марапаттарды табыс еткен облыс әкімі марапат иелеріне жаңа табыстар мен еңбектеріне жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1053932?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау