Шымкент қаласындағы “№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы” КММ-де қызмет алушылар мен қызметкерлерге арналған ақпараттық кездесу өтті.
Шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек көрсету және төлемдерді ұйымдастыру бөлімінің мамандары, “Отбасы банк” филиалының өкілдері және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік қолдаудың жаңа форматтары, цифрландыру бағытында енгізілген жаңашылдықтар мен пилоттық жоба аясындағы скорингтік модельдің жұмыс істеу жүйесі түсіндірілді. Бұл модель арқылы көмек нақты мұқтаж жандарға автоматты түрде көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрғын үймен қамту, спорттық белсенділікті арттыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жайында да кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар мамандардан өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толыққанды мәлімет алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1054252?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау