“Скорингтік модельді енгізу” пилоттық жобасы аясында халықпен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 20 тамызында «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында «Әлеуметтік көмек көрсетудің скоринг үлгісі» тақырыбында халыққа Ашық есік күні өткізілді. Шара Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының демеуімен өтті. Отырысты басқарма басшысы Р.И.Меллятова жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығы мен ашықтығын арттыруға бағытталған баллдық модельді енгізу бойынша пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.
Материалдық және материалдық емес факторларды ескере отырып, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын кешенді бағалауға негізделген жаңа жүйенің негізгі қағидаттары талқыланды. Бұл тәсіл көмек көрсету кезінде қажеттілік деңгейін неғұрлым объективті анықтауға және жеке шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Тұрғындарды толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар беріліп, мамандардан жеке кеңестер де берілді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-shahtinsk/press/news/details/1054107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version