«Банктен қоңырау шалу» схемасын қолдана отырып, интернет-алаяқтықтың кез-келген жағдайында 5-6 дропер болады, олар жәбірленушілердің ақшалай қаражатын алаяқтықтарға тапсырады. Жасөспірімдерді интернеттегі қауіптің алдын алу, олардың кибералаяқтардың әрекетіне тартылуына жол бермеу — Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Солтүстік Қазақстанның полицейлері түрлі профилактикалық іс-шараларды жүргізе отырып, алдына осындай міндеттер қояды.
Жұмыстың жаңа түрлерінің бірі интернеттегі қауіпсіздік туралы пікірталас болды. Петропавл қ. әкімдігінің ЖРО-да өткен кездесуде СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қарым-қатынас жасау кезіндегі туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды талқылауды ұсынды.
Ең қиыны, егер қылмыскерлер туыстарына қоқан-лоқы жасап, қорқыту арқылы дроперлікке тартқан жағдайда не істеу керектігі аса күрделі сұрақтың біріне айналды. Бұл әлемдік тәжірибедегі интернет-алаяқтықтың белгілі тәсілі. Қорқыныш жасөспірімдерді алаяқтардың айтқанына көнуге мәжбүрлейді. Полиция қатысушыларға дұрыс әрекет ету алгоритмін таңдауға көмектесті: қарым-қатынасты дереу тоқтату және пайдаланушыны бұғаттау, ата-аналарға хабарлау, полицияға жүгіну.
Тәртіп сақшылары: өзара келісімде өмір сүру үшін сенім қажет, дегенмен қауіпсіздік мәселесі қаталдықты талап ететінін түсіндірді: интернеттегі бейтаныс адамдардың азғырулары мен қоқан — лоқысына мүлдем төзбеу, ата-аналар мен полиция қызметкерлеріне барынша сенім арту.
СҚО ПД КҚІБ деректері бойынша облыста 7 айда 425 интернет-алаяқтық тіркелген-өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,2% – ға аз. Бұл полицейлердің тиімді әдістерді пайдаланып, ауқымды жұмысының атқаруының нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1053706?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау