СҚО бойынша ЭТТД «Заң және тәртіп» нарративті аясында «Аманат» партия филиалының алаңында «Қаржы алаяқтығынан қалай қорғану керек?» тақырыбына зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына семинар өткізуге бастамашы болды.
Іс-шара Конституция күніне орайластырылған және Киберпол мен қаржы реттегіші басқармасының өкілдері қатысуымен өтті.
Семинар қаржылық сауаттылықты арттыруға және алаяқтықтың заманауи үлгілері, жеке деректерді қорғау тәсілдері мен жинақтардың сақталуы туралы азаматтарды хабардар етуге бағытталған.
Іс шара аяқталғаннан кейін спикерлермен зейнеткерлердің сұрақтарына жауаптар берілді және қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер берілді.
Халықты кеңінен қамту және аталған проблеманы тарту үшін іс-шараны өткізу өңірдің БАҚ шақыруымен сүйемелденді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-sko/press/news/details/1054241?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау