«Үлгілі аула»: 7-шағын аудан тұрғындары үйінің ауласын жасыл желекке толтырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімдігінің «Үлгілі аула» айдары 7-шағын аудан 11, 12 және 20-үйлерінде болды. Мұнда тұрғындар бірлесе отырып аула келбетін айрықша көрікке бөлеген.

Тұрғындар өз бастамаларымен жасыл желектерді баптап, гүлзарлар отырғызып, құста ұяшығын жасап, табиғатқа ерекше жанашырлық танытып отыр. Әрбір кіреберіс алдына сәндік қоршаулар орнатып, олардың аумағына түрлі гүлдер егілген. Мәселен, аулада космея және раушан секілді әдемі гүлдер көздің жауын алады.

Сондай-ақ тұрғындар ауланы таза ұстауға да ерекше көңіл бөлуде. Осылайша бұл қадам балаларға экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, көпқабатты үйлердің ауласын жайлы демалыс орнына айналған.

Ауланың мұндай әсем кейпі – тұрғындар ауызбіршілігі мен ұйымшылдығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта көршілер бірлесе еңбек етіп, қаланың көркін арттыруға үлес қоса береміз дейді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1054237?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version