Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Подколзин 99 жасқа толды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзин 99 жасқа толды !!!

Мерейлі жасқа толған қарт майдангерді аудан әкімі атынан құттықтау үшін арнайы делегация барды. Құттықтау шарасына аудандық әскери Комиссариат өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты. Аудан әкімі атынан жылы лебіздер айтылып, ардагерге сый-сияпат табыс етілді. Сондай-ақ, әскери Комиссариат өкілдері мен ардагерлер қауымы ғасырлық ғұмыр иесінің ерлік жолына тағзым етіп, оның ел үшін жасаған еңбегін айрықша атап өтті.

Леонид Никитовичтің өмірі – жас ұрпақ үшін патриотизмнің, қайсарлық пен еңбекқорлықтың айқын өнегесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1053685?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version