«Жүректегі жетіген жыр» атты кездесу кеші өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің нәзік гүліне айналған ақын Гүлбақыт Қасенмен «Жүректегі жетіген жыр» атты кездесу кеші өтті. Кітапханамызда өткен кездесуге зиялы қауым мен ардақты қонақтар арнайы шақырылып, әдебиет пен мәдениетке сусындаған жұртшылық жыр керуенінің куәсі болды.

Кеш ақынның жүрек түбінен тербеліп шыққан, туған жерге деген перзенттік сағыныш пен махаббатқа толы «Баркөрнеу» атты жыр жинағының тұсаукесерімен бастау алды.

Кездесу барысында №7 балабақшаның бал тілдес бүлдіршіндері, облыстық Бикен Римова атындағы драма театры мен Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби музейінің жас қызметкерлері ақын өлеңдерін көркем мәнермен орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шара барысында балалардың мәнерлеп оқыған жыр жолдары мен жас өнерпаздардың шеберлігі көпшіліктің жүрегіне жол тауып, рухани әсер қалдырды.

Бұл кеш — тек поэзия мерекесі ғана емес, жүректен жүрекке жеткен сырлы сәт, ұлттық рух пен асқақ сөзге тағзым. Ақынның жырлары — жетігеннің ішекті үнімен тербеліп, әрбір тыңдаушының жанын әлдилеген рухани әуенге айналды.

Шараның соңында «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі акция аясында Гүлбақыт Тоқтанқызының 50 дана кітап тарту етті. Бұл — рухани қазынамызды арттырып, білім ордасын байыта түсуге бағытталған ізгі қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1054171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version