Жуалы ауданында әскерге шақыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 19 тамызда Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, ведомствоаралық жұмысшы тобының жетекшісі Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің м.а. аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандық мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындылары және күзгі шақыруды ұйымдастыруға дайындық барысы болды. Әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталған басқарма басшысы, бұл зерттеулерді талапқа сай әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтіп, жауапты аудандық қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді.

Көктемгі әскерге шақыру нәтижесінде Жуалы ауданына белгіленген жоспар (жасақ саны – 117) толық орындалмай, 108 азамат әскер қатарына жөнелтілді. Осыған байланысты орын алған кейбір кемшіліктерге назар аударылып, жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді және жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылатыны ескертілді.

Басқарма басшысы сондай-ақ алдағы күзгі әскерге шақыру науқанына тыңғылықты дайындық қажет екенін айтып, осындай жағдайлардың қайталанбауына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде үйлестіру бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Жиын қорытындысында басқарма басшысы Жамбыл облысы әкімінің
2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген Жол картасының жұмыс барысы аясында тиісті құжаттарды рәсімдеуді жеделдетіп, мәселені қысқа мерзімде шешу бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, бұл мәселенің аудан әкімінің жеке бақылауында болуы қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1054180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version