🔰 ЖЕТІСАЙ: ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДА САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Департаментпен бекітілген арнайы кестесіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлының үстіміздегі жылдың 20 тамызы күнгі іс сапар барысындағы кезекті кездесуі Жетісай ауданындағы жекеменшік балабақшалары және мектеп басшыларымен жалғасын тапты.
 
Ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп құрылтайшыларының қатысуымен өткен кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарын түсіндірді.
 
Кездесу соңында Рауан Жұмадулаұлы кездесуге қатысушыларға “Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру” және сақтандыру шарттарының жоқтығы үшін төленетін айыппұл мөлшері көрсетілген хабарламасын, сонымен қатар “hr.enbek.kz” порталына тіркеу нұсқаулығы баяндалған видеороликтерді таратып, алдағы уақытта осы бағытта көзделген іс-шараларды бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1054341?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version