20–21 тамыз күндері Абай облысында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен педагогтердің облыстық дәстүрлі Тамыз конференциясы өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
20–21 тамыз күндері Абай облысында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен педагогтердің облыстық дәстүрлі Тамыз конференциясы өтуде.
Кеңеске 300 педагог, білім беру ұйымдарының басшылары, психологтар, кітапханашылар, әдіскерлер, ардагер ұстаздар, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысуда.
Спикерлер:
Берік Уәли – Абай облысының әкімі
Еділ Оспан – ҚР Оқу-ағарту вице-министрі
Бауыржан Туленов – Абай облысы білім басқармасының басшысы және т.б.
Білім беру ұйымдарына арнайы сертификаттар табысталып, бірқатар педагогтер «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты және Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
Кеңес «Мұғалім» спектаклін сахналаумен аяқталды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1054939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version