9 «Келешек мектеп» білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымша берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 «Келешек мектеп» білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымша берілді

 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде орта білім беру жүйесін толығымен жаңарту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру туралы бастама көтерген. 

 «Келешек мектептері» болып өзгерген жоба балаларға қазіргі заман талабына сай жағдайда тегін, сапалы білім беруді мақсат етеді. Бұл бастама мектептің материалды-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін ұштайтын кеңістік қалыптастыруды көздейді.

Ақмола облысында жоспарланған 12 200 орындық  9 «Келешек мектеп» білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымша берілді (Целиноград ауданындағы Талапкер а. IT мектеп-лицейі, Талапкер а. мектеп-гимназиясы, Қараөткел а. мектеп-лицейі, Ақмол а. мектеп-гимназиясы, Қаражар а. мектеп-лицейі, Қабанбай батыр а. мектеп-лицейі, Қоянды а. мектеп-лицейі, Көкшетау қ. №20 мектеп-гимназиясы, Көкшетау қ. техникалық мектеп-лицейі).

Барлық мектептер заманауи жиһазбен және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1054511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version