🔹 2025 жылы 21 тамызда ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Ж. Сатыбалдинмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде №62 түзеу мекемесі мен ҰҰИ (Ұстау уақытша изоляторы) қызметі бойынша сұрақтар көтерілді. Талқылау барысында аталған мекемелердегі құқықтық жағдай, азаматтардың құқықтарының сақталуы және оларды қорғау тетіктері назарға алынды.
Өкілдік тарапынан Парламент депутатына екі мәселе бойынша нақты ұсыныстар жасалып, оларды Мәжіліс деңгейінде қарауға бастама көтерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1054747?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау