«Абай Құнанбайұлы және тіл білімінің өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының қоғамдық даму  басқармасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Абай әлемі арқылы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тереңдігі мен көркемдігін насихаттау, ұлт руханиятын жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «Абай Құнанбайұлы және тіл білімінің өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Анар Фазылжан, Шәкәрім университетінің ғылыми қызметкері,  филология ғылымдарының PhD докторы, әдебиеттанушы-ғалым Қарлығаш Әубәкірова негізгі баяндамашы ретінде қатысып, мазмұнды зерттеулер мен ақпараттармен бөлісті.

Абайтанушы-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Жетісу облыстық, аудандық, қалалық филиал мүшелері, тілге жауапты мамандар, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері, жастар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1054734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version