Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Ақтөбе тұрғындары полиция қызметкерлеріне адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін жүрекжарды алғыстарын жиі арнап жүр.
Мәселен, Ақтөбе қаласының тұрғыны өрт шыққан көпқабатты үйге бірінші болып жетіп, тұрғындарды арқалап жүріп құтқарған учаскелік полиция инспекторы Алихан Саймағамбетовке шынайы ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ белгілі блогер Асылжан Жүсіпов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтөбе қаласының 8-шағын ауданындағы учаскелік полиция инспекторы Рауан Алекеновке алғыс айтты. Ол жақынын кибералаяқтардың арбауына түсуден дер кезінде арашалап қалған тәртіп сақшысына жылы лебізін білдірді.
Рауан Алекеновке тағы бір ақтөбелік тұрғын – көпқабатты үй кеңесінің мүшесі әрі “Аналар облыстық кеңесінің” төраға орынбасары Рәмзия Есенбаева аналық ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, полицей әрбір өтінішке жедел әрекет етіп, күн-түн демей тұрғындардың мәселесін шешіп жүр. Тіпті, ол халыққа өз балаларындай қамқорлық көрсететін деңгейге жеткен.
Ақтөбе жұртшылығының пікірінше, учаскелік полиция инспекторларының адал еңбегі мен кәсіби жауапкершілігі тұрғындардың сенімін нығайтып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор рөл атқарып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1054663?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау