Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне өңір тұрғындарынан пластикалық хирургия процедураларының сапасына, әсіресе блефаропластика, отопластика, липосакция және басқа да қызмет түрлеріне қатысты шағымдардың саны едәуір артты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жүргізілген жоспардан тыс тексерістер нәтижесінде медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беретін құжаттардың мүлдем жоқ екендігі анықталуда. Сонымен қатар, мұндай пластикалық процедураларды медициналық білімі жоқ адамдардың жүргізетіні белгілі болды. 

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, медициналық қызмет лицензиялауға жатады. Лицензияланатын медициналық қызмет түрлері Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген.

Пластикалық және косметологиялық қызметтерді тек «дерматовенерология (дерматокосметология)» мамандығы бойынша лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі ғана жүзеге асыра алады. Бұл ретте медициналық көмекті жоғары медициналық білімі бар бейінді маман көрсетуі тиіс.

Құрметті облыс тұрғындары! Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін аталған қызмет түрлерін алар алдында медициналық қызметке лицензиясы мен өзге де рұқсат құжаттарының бар екеніне көз жеткізу қажет. Қызмет көрсететін маманның жоғары медициналық білімі болып, тиісті мамандық (пластикалық хирургия, дерматокосметология) бойынша сертификатталған болуы тиіс.

Процедура алдында пациент қызмет көрсетуге келісім бергенін растайтын ақпараттандырылған келісімге және клиника мен пациент арасында ақылы қызмет көрсету шартына қол қоюы қажет. Төлем тек заңды тұлға атына (жеке кәсіпкер немесе ЖШС – шартқа сәйкес) жүргізілуі тиіс. 

Клиника тарапынан пациенттің денсаулығы туралы ақпарат, дәрігердің тағайындауы мен ұсыныстары тіркелетін медициналық карта жүргізілуі міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1054614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version