«Aktau youth fest»: Ақтауда теңіз жағасында жастармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтауда теңіз жағасында «Aktau youth fest» фестивалі аясында жастармен кездесу өтті.

Шараға спикер ретінде маңғыстаулық ақын, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова, «Kitapclub» клубының негізін қалаушы Данияр Жігітбек, «Amalbooks» баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұхарбай қатысты. Спикерлер қатысушылармен қаржыны үнемдеу, кітап оқудың маңыздылығы сынды тақырыптарды талқылады.

-Шараға осындай спикерлер келгеніне қуаныштымын. Өзіме қажетті ақпараттар лайфхактар алдым. Осындай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылса екен деймін, – деді қала тұрғыны Айдана Санкибаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054611?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version