Ақтауда «Caspian quiz cup» республикалық куизшілер турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда халықаралық жастар күніне орай Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Aktau youth fest» онкүндік фестивалі басталды. Фестиваль аясында алғашқы ірі іс-шара «Caspian quiz cup» республикалық куизшілер турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – ойыншылардың зияткерлік қабілетін дамытып, қазақ тілінде ойын мәдениетін қалыптастыру.

Аталған турнирге 5 аймақтан 180 қатысушы, 30 команда қатысты. Маңғыстау облысының барлық аудан-қалаларынан бөлек Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облысы, Астана қаласының куиз командалары өзара бақ сынасты.

Барлығы 8 турдан тұратын куиз ойынында логикалық, тарих, география, математика бағытындағы сұрақтар келді, соның бір тарауы Маңғыстауға арналды. Қатысушылар легі 18-35 жас аралығын құрады.

-«Aktau youth fest» облыстық жастар фестивалі 2-12 тамыз аралығында түрлі бағыттағы мәдени, танымдық, спорттық және зияткерлік іс-шаралармен жалғасын табады. Бүгінгі турнирдің ерекшелігі – қатысушылар куиз ойынына қызығушылық білдіріп, өздері тіркелді. 5 аймақтың командалары өзара білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасады деген сенімдемін. Сондай ақ, куизшілер турнирі болашақта дәстүрлі түрде жалғасын табады, – деді Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Ақтау қаласынан «Қызыл қойтандар» командасы, 2-орынды Ақтау қаласынан «Бұзық байланыс» командасы, 3-орынды Астана қаласынан «ОйОрда» командасы иеленді.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054576?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version