Ағымдағы жылдың 20 тамызында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Білім келешегі: адал азамат, кәсіпби маман» педагогтардың тамыз конференциясына қатысты.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Асылбек Амантайұлы Ахметжанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогтер, мемлекеттік органдар басшылары мен орынбасарлары, ата-аналар, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбайқызы Сураганова 2024-2025 оқу жылының қорытындылары және алдағы оқу жылына арналған міндеттер туралы баяндама ұсынды.
Сондай-ақ, спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Асылбек Амантайұлы Ахметжанов, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының, колледждің өкілдері, ата-аналар мен бизнес-серіктестер сөз сөйледі.
Конференцияда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлына сөз сөйлеп, Білім басқармасына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Қызылжар ауданының №3 Бескөл орта мектебінің директорына «Үздік білім беру ұйымы» байқауының қорытындысы бойынша сертификат табысталды, бірқатар педагогтер «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шолпан Багитқызы Аблемоваға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің гүл ұшағы табысталды. Бұл атаққа өткен жылдары Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша Петропавл қаласының М. Айтхожин атындағы № 1 мектеп директоры Александр Юрьевич Курленя, Петропавл қаласының Қожаберген Жырау атындағы бастауыш сынып мұғалімі Айжан Байкеновна Қапезова, мамандарылған Ә.Досмұқанбетов атындағы гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Күләш Жетпісбаевна Рахметоваға берілген болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1054396?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау