Ауданымызда  отбасын  қолдау  орталығы  ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

        Қаратау  қаласында  отбасы  құндылықтарын  нығайтуға  бағытталған  маңызды қадам жасалды. Бүгін Талас ауданы әкімдігінің бастамасымен «Отбасын қолдау орталығы» салтанатты түрде ашылды.
       Аталған бастама – Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Бұл – мемлекетіміздің отбасы институтын  нығайтуға,  әрбір   азаматтың  құқығы  мен  мүддесін  қорғауға   арналған жүйелі саясатының нақты көрінісі.
     Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі,  Республикалық  Аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы арнайы  қатысып,  орталықтың  ашылуы  өңір үшін  ерекше  маңызды оқиға екенін атап өтті.  Ол  өз  сөзінде  берік  отбасы – қуатты  мемлекет  кепілі  екенін,  жаңа  орталықтың талай отбасына сенім мен қолдау сыйлайтынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1054529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version