БӘЙДІБЕК: АУДАНЫНДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ БАҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек ауданының орталығындағы «Шаян» мектеп-лицейінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Бақыт Қырғызалиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Жауапты мекеме өкілдеріне жаңа оқу жылы басталғанға дейін жөндеуді толық аяқтау, жұмысшылар санын көбейту және сапаға ерекше мән беру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 
1976 жылы салынған, үш қабатты, екі корпустан тұратын білім ордасында қазіргі таңда 700-ден астам оқушы білім алуда. Биылғы жылы мектеп реновация бағдарламасы аясында жаңғыртудан өтуде.
Жөндеу жұмыстарының жалпы құны – 314 млн 160 мың теңге. Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме – «КазСтройЭверест» ЖШС.
 
Реновация бағдарламасы – ескірген білім беру ғимараттарын заманауи әрі жайлы білім ортасына айналдыруды көздейді. Бұл балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
 
Сонымен қатар, Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернатының және «Аружан» бөбекжай-балабақшасының жағдайымен танысып, тиісті ұсыныстарын жеткізді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1054421?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version