Бүгін аудандық әкімдік мәжіліс залында Зеренді ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудиттік тексеріс жүргізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудандық әкімдік мәжіліс залында Зеренді ауданының мемлекеттік мекемелерінде аудиттік тексеріс жүргізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиынға аудан әкімі, Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Гүлшат Бекетқызы Жапарова жұмыс тобымен бірге, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бухгалтерлері қатысты.
Талқылау барысында мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі бойынша түсіндірмелер беріліп, ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты түсініктемелер алды.
Кездесу қорытындысы бойынша тығыз ынтымақтастыққа және бірлескен нәтижелі жұмысқа дайындық атап өтілді.
Шараны қорытындылай келе, аудан әкімі барлық қатысушыларға белсенділік танытып, сындарлы диалог жүргізгендері үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1054384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version