Екпе жұқпалы аурулардан қорғанудың ең сенімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. Ол тек әр адамның денсаулығын сақтап қана қоймай, сондай-ақ инфекциялардың таралу қаупін төмендетіп, ұжымдық иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Алтынай Амренованың төрағалығымен өткен штаб отырысында қала және аудан әкімдерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау өкілдерінің қатысуымен халықты профилактикалық екпелермен қамту мәселелері қаралды.
Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов аудандар бойынша вакцинацияның ағымдағы көрсеткіштерін ұсынды. Ол кейбір аймақтарда екпемен қамту деңгейі орташа деңгейден төмен екенін атап өтіп, бұл қосымша назарды қажет ететінін айтты.
Жиынға қатысушылар вакцинацияға деген сенімді арттыру жолдарын талқылады. Әсіресе халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, шалғай елді мекен тұрғындары үшін екпелердің қолжетімділігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ балаларды вакцинациялау туралы шешім қабылдауда ата-аналарды қолдаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1054699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version