Ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақырған қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға «Абай – мәңгілік мұра » атты ақынның 180 жылдығына арналған диалог алаңыныңда Абайдың өлеңдері оқылып, оның қара сөздерінен тағылымды үзінділер тыңдалды.
Әсіресе, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шыққан ерекше сәт – ақынның әндерін караоке арқылы орындау болды.
Қатысушылар «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды Абай әндерін өздері орындап, көрерменмен бірге шырқады. Бұл формат кешке шынайы жылылық пен ерекше рухани әсер сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-cultura/press/news/details/1054399?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау