Маңғыстау облысында ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Кедергісіз Маңғыстау» қайырымдылық жобасы аясында көгалдандыру курсы өтті.
Курс барысында қатысушылар өсімдіктердің адам өміріндегі маңызымен танысып, үй және ашық алаңға арналған өсімдіктерге күтім жасаудың қыр-сырын меңгерді. Атап айтқанда, жастар тұқым егу, топырақты қопсыту, көшет отырғызу, тыңайтқыш таңдау мен қолдану тәсілдерін үйренді.
Сабақтар оранжереяда, зертханада және ашық ауада өтті. Қатысушылар топырақпен, көшетпен және бұтақтармен жұмыс істеп, ландшафт дизайнының негіздерін меңгерді. Сонымен қатар, табиғи материалдарды қолдана отырып, қарапайым композициялар мен икебаналар жасады.
Шара аясында жастар жылыжаймен және жылыжай жағдайында өсімдіктерге күтім жасаудың ерекшеліктерімен де танысты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054590?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау