Маңғыстау облысында «Жастар EQ 2.0» әлеуметтік жобасы аясында 4 компоненттен тұратын оқыту курсының алғашқы кезеңі өтті. «Эмоционалдық интеллект» тақырыбындағы тренингке іріктеуден өткен 20 психолог қатысты.
Аталған оқыту 1 тамыз күні «Dostyk Hotel» қонақ үйінде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылып, кәсіби психолог, менеджмент және өнімділік бойынша сарапшы Ерлан Мұстафиннің жетекшілігімен өтті.
Тренингтің мақсаты – қатысушылардың эмоционалдық интеллект саласындағы білімін жүйелеу, тұлғааралық қатынаста коммуникативтік дағдыларын дамыту және кәсіби құзыреттілікті арттыру. Мамандар эмоционалдық интеллекттің табиғаты мен оның құрамдас бөліктерін түсініп, эмоцияны тану, басқару және білдіру тәсілдерін тәжірибе арқылы меңгерді.
Оқыту барысында қатысушылар жеке және топтық форматта жұмыс жүргізіп, «Эмоционалдық таным және оның рөлі», «Эмоцияларды басқару», «Эмоционалдық интеллектіні дамыту» тақырыптары бойынша білімдерін тереңдетті.
Айта кетейік, бұл – оқыту курсының алғашқы күні. Ертең қатысушылар тренингтің екінші кезеңіне қатысып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде нығайтатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054570?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау