Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Кездесу барысында газ тарату желілерін жаңғырту және өңірдің жылыту маусымына дайындығы талқыланды.
«QazaqGaz» АҚ өкілі берген дерек бойынша, облыстың газдандыру деңгейі 95,7%-ға жеткен. QazaqGaz компаниялар тобы инвестициялық бағдарлама аясында 1976 жылы пайдалануға берілген орташа қысымды газ құбырын жаңғырту жобасын жүзеге асырып жатыр. Жөндеу жұмыстары жоспарланған жалпы ұзындығы 8,7 шақырым желінің 5,5 шақырымнан астамы қазірдің өзінде жаңартылған. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жаңғырту жұмыстары толық аяқталған соң газ құбыры басқа желілермен біріктіріледі. Бұл қаланың орталық бөлігін үздіксіз газбен қамтуға мүмкіндік береді.
Кездесуде жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны айтылды. Дайындық жұмыстарының 90 пайызы аяқталған.
Айта кетейік, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы қазіргі таңда 5,9 мың шақырым газ тарату желісін пайдаланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1054684?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау