ӨКІЛ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ БАРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі, кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Берікбол Байхожаев жұмыс сапары барысында уақытша ұстау изоляторының басшысы Асылжан Ахметовпен бірге Қызылорда облысы Шиелі ауданының полиция бөлімінде болып, уақытша ұстау изоляторы мен учаскелік полиция пунктіне мониторинг жүргізді.

Өкіл Шиелі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының қызметімен танысып, ұсталған азаматтардың құқықтарының сақталу жағдайын қарап, орнатылған бейнебақылау жүйесін тексерді және анықталған бірқатар кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берді. Сонымен қатар, аталған изоляторда 9 қызметкер мен 1 фельдшер жұмыс істейтіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1054661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version