Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                              Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретуде

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді.

Балаларға онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері туралы айтылып, киберқылмыскерлердің құрбанына айналмаудың практикалық жолдары түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді: құпиялылықты дұрыс баптау, жеке деректерді таратпау, бейтаныс адамдармен хат жазыспау және онлайн қарым-қатынаста сақ болу қажеттігі ескертіледі.

Кездесудің жеке бір бөлігі интернет-буллинг мәселесіне арналды. Өйткені желідегі қорқыту мен кемсіту – шынайы өмірдегідей қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай жағдайды жасырып қалмай, міндетті түрде ересектерге — ата-анаға немесе мұғалімге айту маңызды. Ал егер жағдай күрделі сипат алса, дереу полицияға «102» нөмірі арқылы хабарласу қажет.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздік – әрбір адамның жауапкершілігі. Уақтылы алынған білім балаларға виртуалды кеңістікте өздерін сенімді әрі қорғалған сезінуге мүмкіндік береді.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1054787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version