Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір тұрғынның сұрағы мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Аудан басшысы тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларына азаматтардың өтініштерін заң аясында уақтылы қарастырып, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Аталған шараның басты мақсаты – халықтың талап-тілектеріне жедел назар аударып, жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1054760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version